jasqazaq.kz

Қазақстандықтар Абхазиядан көліктерді заңсыз кіргізіп жатыр

19 сәуiр 2021, 14:56

Елімізде Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын республика аумағына заңсыз өткізу және пайдалану жағдайлары өскен. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді.

Автокөліктер Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Ресейдің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелінеді, өз мәртебесі бойынша шетелдік тауар саналады (яғни ЕАЭО тауарлары емес) және кедендік бақылауда болады.

«Көлік құралының иесі Абхазия, Оңтүстік Осетия заңды тұлғасы болса, көлік құралының кедендік декларациясы (КҚКД) немесе көлік құралының иесі осы республикалардың резидент жеке тұлғалары болса, жолаушылар кедендік декларациясы (ЖКД) уақытша әкелуді растайтын құжат саналады», — делінген хабарламада.

Абхазияда және Оңтүстік Осетияда тіркелген уақытша әкелінген көлік құралдарын Қазақстанға негізінен Абхазия Республикасының азаматтары және аз дәрежеде Ресей Федерациясының азаматтары әкеледі.

«Абхазия және Оңтүстік Осетияның тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын ЕАЭО кедендік аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының резиденттеріне беруді жүзеге асырған тұлғалардың, сондай-ақ мемлекетке келтірілген залал сомасына қарай кедендік төлемдерді төлемей және бастапқы мемлекеттік есепке қоймай Қазақстан аумағында заңсыз пайдалану мақсатында осындай көлік құралдарын сатып алған тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстық кодексте көзделген қылмыс орны не құрамы, не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болады. Екі құрам да жазадан басқа көлік құралын тәркілеуді көздейді», — деді МКД өкілдері.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия