jasqazaq.kz

Қазақстандықтар 27 тамыздан бастап Түркияға ұша алады

24 тамыз 2020, 15:19

2020 жылдың 27 тамызында Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.  Бұған дейін, COVID19-ның таралуына байланысты, түрік тарапы 2020 жылдың 5 тамызынан бастап Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулер енгізген болатын. Екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша түрік тарапымен жұмыс жүргізілді. Осылайша, Түркияның авиация билігінің айтуынша, шектеулерді алып тастау мәселесі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіріліп және COVID-19 таратылуының тұрақтануы мен жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

inform.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде