jasqazaq.kz

Қазақстандықтар 19 млрд теңге көлік салығын төледі

07 сәуiр 2021, 10:56

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 сәуірді қоса алғандағы кезеңде жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша бюджетке 19,7 млрд теңге түсті. Ағымдағы жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша осыған дейін 6,6 млрд теңге түссе, алдағы төлемдер туралы push-хабарлама жібергеннен кейін 13,1 млрд теңге түскен. Мұндай статистиканы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады.

Сондай-ақ, МКК-де: «Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылға көлік құралдарына салынатын салықты жеке тұлғалар 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеуі қажет болатын»,- деді. 2 сәуірден бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Осыған дейін, а.ж. 30 наурызында https://t.me/kgdmfrk Telegram арнасында көлік салығы бойынша сауалнама жүргізген. «Сіз 2020 жылға арналған көлік құралдары салықтың төленуге тиісті алдағы сомасын қалай білдіңіз?»,- деген сұраққа сауалнамаға қатысушылар келесідей жауап берген: — сауалнамаға қатысқандардың 36%-і салық сомасын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы білген; — 30%-і банктің мобильді қосымшасы арқылы; — 5%-і «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы Калькулятордың көмегімен өздері дербес есептеген; — 21% респонденттер Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы Калькулятордың көмегімен өз бетінше есептеген; — 8%-і Мемлекеттік кірістер басқармасына барып, кеңес алуды жөн көрді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мемлекеттік кірістер комитеті көлік салығы бойынша алдағы төлемдерді алғаш рет төлеу мерзіміне дейін «e-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасына жіберетінін мәлімдеген. 2020 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мәліметтері негізінде есептелген.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия