jasqazaq.kz

Қазақстандықтан аса ірі көлемде героин тәркіленді

04 қазан 2017, 16:53

Қазақстан азаматынан 9 килограмға жуық героин мен тапанша табылып, тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы ҰҚҚ Шекара қызметінің Қордай шекаралық жасағының жедел тобы ҰҚКД Қордай аудандық бөлімі және Қордай аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірге ұйымдастырылған «Көкнар-2017» жедел-алдын алу шаралары барысында Жамбыл облысы, Қордай ауданының Қайнар ауылындағы үйлердің бірінде ақпараттарды тексеру барысында Қазақстан Республикасының 1958 жылғы азаматынан «героин» есірткі заты салынған, жалпы салмағы 9 килограмға жуық 9 полиэтиленді брикет табылып, тәркіленді. Брикеттердің барлығына «999» деген мөр басылған», — делінеді ҚР ҰҚҚ ШҚ баспасөз қызметінің хабарламасында. Есірткімен қоса «Вальтер» маркалы травматикалық тапанша да алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық