jasqazaq.kz

Қазақстандық туристер Дубайда төбелес шығарды

04 қыркүйек 2019, 12:48

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мейманханалардың бірінде қазақстандық туристер төбелес шығарды.
Бас елшілік мәліметіне сәйкес, қазақстандық азаматтар мейманханалардың бірінде ішімдік ішіп отырып төбелесіп қалған, деп хабарлайды Қазақстанның БАӘ мен Дубайдағы бас елшілігіне сілтеме жасап. Салдарынан мейманхана қызметкерлері полиция шақырыпты. Полицейлер оқиғаға қатысты төбелес және алкогольді сусын ішу деректері бойынша екі хаттама толтырған. «Артынша тараптар татуласқандықтан, бірінші іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Алайда екінші іске қатысты материалдар сотқа жіберілді», — делінеді хабарламада. Нәтижесінде қазақстандықтарға қомақты көлемде айыппұл салыныпты. Бас елшілік қазақстандық туристерді заңды сақтауға шақырып, БАӘ заңы бойынша ішімдік ішуге тыйым салынғанын ескеруге кеңес берді.

КТК

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде