jasqazaq.kz

Қазақстандық студент Омбыда қаза тапты

25 наурыз 2019, 18:54

Қазақстандық студент Омбыда жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты, — деп хабарлайды Тengrinews.kz  ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

Оқиға 23 наурызда кешкі уақытта болды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолда Инна Федерованы Toyota маркалы автокөлігі қағып кеткен. Миы зақымдалған қыз бала ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Алған жарақатының тым ауыр болуына байланысты қыз бала ес жимастан қайтыс болды. «Қайғылы оқиға қаза болған қыздың туыстарына хабарланды. Ресей ІІББ Омбы облысы тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалуға іс материалдары жинастырылып жатыр. Қазақстанның консулдығы осы істі бақылауға алды және құқық қорғау органдарымен байланыста», — деді Смадияров. Инна Омбы мемлекеттік техникалық университетінің екінші курс студенті болған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде