jasqazaq.kz

Қазақстандық студент оқытушысын пышақтап тастады

12 шiлде 2018, 10:57


Қазақстандық азаматтың мәскеулік жоғары оқу орнының оқытушысына жасаған шабуылының мән-жайы анықталды.

NUR.KZ. хабарлағандай, белгілі болғандай, шабуыл 29 маусым күні шамамен 16:00 уақытында төртінші қабатта орналасқан дәретханада болған. 28 жастағы оқытушы Александр Дмитриевке жүйелі түрде сабақтан қалып, оқу ақысын дер кезінде төлемеген қазақстандық азамат Жасұлан шабуыл жасапты.
Талапкер дәретханаға кірген кезде Жасұлан оқытушыны аңдып, пышақ сұғып алуға дайын тұрған. Оның сөзінше, жігіт өзін бір түрлі ұстаған. Александр кабинкадан шығып, қолын жууға бара жатқанда оның артынан Жасұлан мен талапкер кіріп келді.
Болашақ студенттің сөзінше, ол дәретханадан бірінші шығып, ата-анасына қарай беттеген, артынан Жасұлан шығыпты. Тек соңынан ғана бір бүйірін ұстап, қанның дағы көрініп тұрған оқытушы шығады.
Александрдың жанына әріптестері келді. Ол шабуылдаушының түрін көрмей қалғандықтан, оның кім екенін тани алмады. Жапа шеккен азамат есінен танып қалған. Ауруханаға дереу түрде жеткізілген оқытушыға ота жасалды. Жасұлан педагогтың бүйрегіне зақым келтірген, қазір ұстаз жан сақтау бөлімінде жатыр.
Жасұлан болса Плеханова көшесінің бойында жатақханаға кетіп бара жатқан жерінен ұсталды.
Қазақстандық азаматпен бірге оқыған құрдастарының сөзінше, ол өте қабілетті жігіт болыпты, математика мен физикаға қызыққан, оқу жылының алғашқы кездерінде ол сабақтарды құр өткізбей, тұйық болған, туған Байқоңыры жайлы көп айтатын. Кейін басқа мамандыққа ауысқан. Алайда оқуының екінші жылында Жасұланды университетте тек бірнеше рет қана көрген, осындай салғырттық оның оқудан шығуына әкеп соқты.
Басылымның айтуынша, бір жыл бұрын қазақстандық азамат интернетте репетиторлық қызмет көрсететінін жазған. Онда ол Жуков атындағы олимпиаданың жүлдегері екенін және 600 рубльге өз білімімен бөлісетіндігі жайында жазба қалдырыпты.
Оқыс оқиғаның себебі анықталмады. Жапа шеккен азаматтың Жасұлан мен оның МГТУ-дан оқудан шығуына еш қатысы болмаған. Осының алдында хабарлағанымыздай, Мәскеуде қазақстандық азамат Бауман атындағы МГТУ оқытушысына шабуыл жасаған. Ол ұсталды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді