jasqazaq.kz

Қазақстандық Сергей Морозов UFC турнирінде алғаш рет жеңіске жетті (видео)

18 шiлде 2021, 10:42

Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-5) UFC алаңындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Sports.kz ресурсына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ол бүгін таңертең Американың Лас Вегас қаласында өткен аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 26 турнирінде неміс спортшысы Халид Тахамен (13-3-1) кездесу өткізді.

Аса жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа есептелген болатын. Ол Морозовтың жеңісімен аяқталды.

Әділқазы 30-27, 30-27, 30-27 есебімен қазақстандық файтерді бірауыздан жеңімпаз деп тапты.

Осылайша Сергей Морозов өзінің кәсіби спорт жолындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізіп, UFC алаңында алғаш рет қарсыласынан басым түсті.

Бұған дейін ол биылғы қаңтар айында UFC турнирінде атақты Хабиб Нурмагомедовтің інісі ресейлік Омар Нурмагомедовпен (13-0) жекпе-жекке шығып, жеңіліп қалған болатын.

Нурмагомедов Морозовты екінші раундта қылғындыру әдісімен жеңді.

Ал Сергейдің қарсыласы Халид Таха осымен төртінші мәрте ұтылып отыр.

https://youtu.be/1f7z0j473GI

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия