jasqazaq.kz

Қазақстандық мұғалімдер кәсіби бағдар бойынша білімін жетілдіруге Санкт-Петербор қаласына аттанды

08 маусым 2018, 16:59

 

Еліміздің 250 мұғалімі бір жыл бойы оқушылар үшін кәсіби бағдар тренингтерін жүргізді. Одан бөлек, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының оқушылары жергілікті кәспорындарға экскурсия жасап, еңбек әулеттерімен танысты. Бұның барлығы «Өмірлік таңдау» республикалық жобасының аясында өткізілген еді. Мұғалімдерді ынталандыру мақсатында олар үшін «Жобаның үздік тренері» байқауы ұйымдастырылды. Естеріңізге салсақ, аталмыш жоба өткен жылдың қазанында бастау алып, жұмысшы мамандықтарды дәріптеу мақсатында қолға алынған.

Байқау нәтижелері Астанада өткен ауқымды, республикалық форумда жарияланды. Жеңіске жеткен бес мұғалім Санкт-Петербор қаласындағы «Иматон» Практикалық психология Институтында ұйымдастыралатын «Топтық және жекелей кәсіби бағдар берудің заманауи әдістері» тақырыбы бойынша оқыту курстарына жолдама алды. Олар: Момбаева Каракоз (Шымкент қаласы, №30 мектеп), Машар Ақалтын Сидағалиқызы (Ақтөбе қаласы, №16 мектеп), Андирова Айман Амандыковна (БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі), Кенджебаева Мира Урынбасаровна (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 мектеп), Серимбаева Данна Тулеубаевна (Павлодар қаласы, №19 мектеп). Бүгін жеңімпаздар Ресейдің мәдени астанасына аттанды.

«Жобаға қатысқаным үшін өте қуаныштымын. Мамандық таңдауда жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін ұғына отырып, түрлі идеялар арқылы оқушыларға мамандықты дұрыс таңдаудың қажеттілігін түсіндіру және жас ұрпақтың қалыптасуына ықпал ететін білімді ертерек игерсек екен деген тілек-ниетім бар. Бұл мақсатты іске асыруға Санкт-Петербор қаласында білім жетілдіруіміз зор ықпал етеді дегенге сенімдімін. Жоба ұйымдастырушыларына осындай мүмкіндік бергеніне алғыс білдіремін», — дейді Шымкент қаласынан келген Қаракөз Момбаева.

Аталған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Пресс центр Азия» ҚҚ іске асырды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде