
13-17 сәуір ралығында Таллинде өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Михаил Шайдоров күміс жүлдегер атанды, осылайша ел қоржынына алғашқы медальді салды. Бұл туралы isu.org сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.
Шайдоров АҚШ-тан келген Илья Малининге ғана есе жіберіп, сегізінші орынға көтерілді. Қоланы бесінші орыннан көтерілген жапондық Тацуя Цубой иеленді.
«Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін карантин басталып кетті (Covid-19) және мен бұл уақытты мұздан тыс жерде көп жаттығу жасадым. Пандемия кезінде бірнеше жарыстар болды соларға қатысып жақсы дамып, осы жолы жақсы нәтиже көрсеттім», — деді Шайдоров матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.