jasqazaq.kz

Қазақстандық қызды Украина ұшағына мінгізбей қойды

20 ақпан 2020, 15:06

Украина ұшағы Уханнан бір ғана Қазақстан азаматын алып шықты. Екінші қызды қызуы көтеріліп тұрғандықтан ұшаққа мінгізбеді. 

Ал осылайша Алматыға жетіп алған тағы бір қыздың жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы, шағымдары жоқ. Бірақ  кез келген жағдайда, ол 14 күн бойы көпсалалы ауруханада карантинде болады.
Украина өз азаматтарын Уханнан эвакуациялау үшін ұшақ шығарған. Ол біздің екі азаматты да ала кетеді деп күтілген.

Екінші қызды жібермеді, өйткені оның температурасы 37 градус болды. Әдетте, Қытай тарапы адамның дене қызуы көтеріліп тұрса, осындай шараларды қабылдайды. Ол әлі де Қытайда қала береді, — деді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер.
Айта кетсек, Украинада осы ұшаққа қатысты шешім қабылдаған үкіметтің отставкаға кетуі талап етіліп жатыр. Өйткені саясаткерлер Украина инфекцияның таралу қаупіне төтеп беруге дайын емес екенін айтады. Ал бүгін Уханнан Киевке 48 украин және 29 шетел азаматы эвакуацияланып, олар 14 күндік карантинге елдің төрт аймағына жіберілмек.

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия