jasqazaq.kz

Қазақстандық қыз Бахрейнде секс-құлдықта болғанын айтып берді

06 наурыз 2020, 14:11

Бахрейнде құлдықта болған қазақстандық өзге адамдар өмірі мен денсаулығына кері әсер ететін шетелдегі заңсыз жұмысқа алданып қалмауы үшін өз оқиғасын баяндады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

24 жастағы Әлия (есімі өзгертілген) сән салонында шаштараз болып жұмыс істеген.

«Бір күні клиентім Бахрейнде жақсы жұмыс істегенін айтты. Ол кезде мен мүгедек әкем және анама, бауырларыма қолғабыс жасап жүргенмін. Клиентім нөмірін қалдырып кетті. Мен біраз уақыт онымен байланысуға батылым бармай, ұзақ ойланып жүрдім. Бірақ отбасымда қандай болашақ күтіп тұр деп ойладым. Бауырларым білім алмаған. Кредит пен қарыз бастан асады. Жағдай ауыр болды», — дейді Әлия.

Алайда ол клиентімен байланысқаннан кейін барлығы тез болып кеткен: оған құжатты рәсімдеп, Бахрейнге билет алып берген. Елде оны таксист күтіп алған. Алайда жәбірленуші қонақүйге келгеннен кейін барлығы оның ойындай болып шықпаған.

«Маған тек бір клиент болады деген. Бірақ бірнеше адам болды. Күніне қанша адамға қызмет еткенімді айтудың өзі ыңғайсыз. Алғашында менде шок болды, жергілікті тілді де білмедім», — дейді Әлия.

Әлияның айтуынша, ол күніне 18 сағат жұмыс істеген. Демалыс күндері жұмыс күндеріне қарағанда екі есе жұмыс істеуі керек болған.

«Мен жоспар бойынша жұмыс істедім. Сондықтан маған ешкім тиіскен жоқ. Темекі шегіп, ішімдік ішкен жоқпын. Оны барлығы білген. Мен тек өз жұмысымды жасадым. Қазақстаннан барлығы 19, Ресейден 3 қыз болды. Үш менеджерден басқасын босатты. Қазір олар тергеуде», — дейді Әлия.

Полиция бізді қыздардың бірі қонақүйден қашып кеткеннен кейін анықтады. Ол қыз есірткі сатып жүргенін біліп қойған менеджер оны жазалаған. Осы оқиғадан кейін ол ата-анасына хабарласып бар шындықты айтқан.

Әлияның айтуынша, тергеу басталған. Бірайдан кейін Қазақстанға айтқан. Әр қызға елге қайту үшін 250 доллардан берілген. Қазақстандық қыздарды құтқаруға Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісі Мешит Сиражет атсалысқан.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі