jasqazaq.kz

Қазақстандық футбол клубы Ресей чемпионатында ойнайды

21 мамыр 2021, 13:30

Қазақстандық «Қайрат-Мәскеу» жаңа құрамы Ресейдің екінші лигасында өнер көрсетеді. Құрам ресми түрде чемпионатқа қатысуға рұқсат алды. Бұл туралы «Қайрат» ФК сайтында жарияланды.

«Қайрат-Мәскеу» клубының директоры Антон Чистяковтың айтуынша, 18 мамырда клуб ресми түрде РФС кәсіби жарыстарына қатысуға рұқсат алған және жазда ранг бойынша үшінші жарысқа қатысады.

Команда Мәскеу облысы Красногорск қаласында тұрақтайды. Ойындар мен жаттығулар «Зоркий» стадионында өтеді.

«Құрамның бас бапкері біздің маман Кирилл Сергеевич Кекер болады. Кирилл Сергеевич — академияның табысты жаттықтырушыларының бірі. Оның басшылығымен әр жылдары біздің жастар Қазақстан чемпионаттарында, соның ішінде халықаралық турнирлерде медальдар жеңіп алды. Ойыншыларға келетін болсақ, негізгі рөлді «Қайрат» академиясының тәрбиеленушілері — 19-20 жас аралығындағы «Қайрат-Жастар» командасының ойыншылары құрайды», — деді «Қайрат» ФК бас директоры Марат Баймұханов.

Біріншіліктің басталу уақыты шамамен шілде-тамызға белгіленген.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия