jasqazaq.kz

Қазақстандық фильм Варшава кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды (видео)

18 қазан 2020, 12:22

Режиссер Фархат Шәріпов түсірген «18 килогерц» атты көркем фильм қазақ киносының тарихында алғаш рет 36-шы Халықаралық Варшава кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.Кеше фестивальдің жабылу салтанатында белгілі болды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Марапаттау рәсімі кезінде тікелей эфирге қосылған отандық режиссер Фархат Шәріпов қуанышын жасырмай, жүлдеге қол жеткізгеніне сенбей отырғанын айтты.

— Фестиваль ұйымдастырушыларына алғысым шексіз. Осы қиын кезеңде киноға көңіл бөлгендеріңізге рахметімді айтамын. Сондай-ақ фильмге түскен дебютант-актерлерге, туындымыздың продюсеріне және картинаның түсіру тобына алғысымды айтамын , — дейді ол.

— Фильм барлық жүлделерге лайықты. Бұл — оқиғаны шынай баяндайтын керемет туынды. Біз тамашалаған 16 фильмнің ішінен қайсысы үздік екенін біз, қазылар алқасы, бірден түсіндік. Әр қазылар алқасының мүшесі өзіне ұнаған үш фильмнің тізімін берді. Бұл тізімді жариялаған соң бас жүлде кімге бұйыратынын бірден түсіндік, өйткені әр қазылар алқасы өз тізімінде бірінші орында «18 килогерц» фильмін белгілеген екен, — деді халықаралық қазылар алқасының мүшесі, Литваның мәдениет министрі Лиана Руоките-Йонссон.

Естеріңізге сала кетсек, «18 килогерц» — 90-шы жылдардың соңындағы жасөспрімдердің өмірінен сыр шертетін фильм.

Фильмнің түсіру жұмыстары Алматы қаласында жүргізілді. Басты рөлдерді Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со есімді жас дебютант-актерлер сомдады.

Әлемдегі ең беделді кино байқаулардың бірі – Варшавадағы Халықаралық кинофестиваль 1985 жылы негізі қаланған болатын.

Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығының федерациясы шешімімен 2009 жылы бұл фестивальге «А» санаты берілген болатын. Биыл, коронавирус індеті салдарынан дүние жүзінде орын алған қиын жағдайға қарамастан Варшава кинофестивалі қазанның 9-ы мен 18-і аралығында әдеттегі дәстүрлі форматта өтті.

Бұған дейін қазақстандық режиссер Фархат Шәріпов түсірген «18 килогерц» жаңа көркем фильмнің әлемдік тұсаукесері Орталық және Шығыс Еуропаның ең беделді фестивальдерінің бірі – 36-шы Халықаралық Варшава кинофестивалінің (WFF) негізгі байқауы шеңберінде өтетінін хабарлаған болатынбыз.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия