jasqazaq.kz

Қазақстандық дәрігер коронавирус індеті қашан тоқтайтынын айтты

16 шiлде 2020, 12:15

Коронавирус эпидемиясы қазақстандықтардың барлығы дерлік ауырып шыққаннан кейін тоқтайды. Жоғары санаттағы дәрігер, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы Ғалия Жұманбаева NV.kz басылымына берген сұқбатында осындай болжам жасады.

Дәрігердің пікірінше, індеттен құтылу үшін ұжымдық иммунитет 70%-ке жетуі тиіс.

«Эпидемия ұжымдық иммунитет 70%-ке жеткенде, яғни халықтың барлығы дерлік ауырып шыққаннан соң тоқтайды. Бірақ, иммунитет бәрінде бірдей қалыптаспайды, мықты емес әрі ұзаққа созылмайды. Оның үстіне құрамында РНК бар вирустың мутацияларына бейімделіп үлгермеуі мүмкін. Осының барлығын ескеру қажет. Сол себепті шамамен үш айдан кейін азаматтар қайтадан ауыруы мүмкін, тиісінше, жаңа карантин жарияланады. Өйткені иммунитет орта есеппен 3 айға ғана сақталады», — деді Жұманбаева.

Дәрігер адамды вирустан не қорғайтынын айтты.

«Вирустан ең тиімді қорғаныш — біздің иммунитетіміз. Маска — даулы тақырып. Мен көшеде бетпердесіз жүруге болады деп санаймын. Ал жабық кеңістікте, әрине, кию қажет», — деді инфекционист.

Осы орайда Жұманбаева коронавирус белгілері байқалатын пациенттерге кеңес берді.

«Босқа отырмай, тезі әрі интенсивті емделу қажет, вирустан үш қадам алда жүрген дұрыс. Пневмония кезінде дене қызуы, жөтел, қандай да бір ауру болмауы мүмкін. Ал компьютерлік томография өкпенің 60 пайызы зақымдалғанын көрсетіп жатады. Сондықтан барлық кешенді ем шараларын қабылдау керек», -деді дәрігер.

sputniknews.kz

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)