
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Өзбекстан Республикасының Орталық банкі арасында Банктік қадағалау саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Өзбекстан Республикасының Орталық банкі арасында Банктік қадағалау саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. Бұл Өзбекстанда Қазақстанның еншілес банктерін ашуға мүмкіндік жасайды»,-деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев. Банк басшысы Halyk bank өзбек нарығына қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Бұдан өзге банктер да көрші елде бөлімдерін ашуға ниетті екенін жеткізді. Келісімге сәйкес Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық заңнамаларына сәйкес екі мемлекеттің банк секторына қатысты жаңалықтармен, сондай-ақ ұлттық заңнамада рұқсат етілген шамада нормативтік-құқықтық реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері жөнінде ақпарат алмасу нысанындағы ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.