jasqazaq.kz

Қазақстандық ауыратлет Риодағы қола жүлдесі үшін әлі күнге дейін сыйақы алмаған

24 тамыз 2021, 14:38

Қазақстандық ауыратлет Денис Ұланов 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қола медаль алғаны үшін әлі күнге дейін сыйақы алмағанын мәлімдеді,деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Денис Ұланов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші болған. Спортшы жұлқи көтеруде 175 келіні, серпе көтеруде 215 келіні (барлығы 390 келі) бағындырып, Габриэл Сынкрэянмен тең түскен. Алайда оның қарсыласы жеңілірек болғандықтан Олимпиаданың қола жүлдегері атанған, ал Ұланов 4 орынды иеленді.

Алайда, кейін Габриэл Сынкрэян допинг қолданғаны үшін дисквалификацияланды және қола медаль Ұлановқа ресми түрде берілген. 2018 жылдың қарашасында Ашхабадта өткен әлем чемпионатында Халықаралық ауыр атлетика федерациясының IWF президенті Тамаш Аян көптен күткен жүлдені Ұлановқа тапсырған.

«Олимпиададан кейін, шамамен бір апта өткен соң қарсыласым ұсталғанын білдім (допингпен. — ескерту). Олар маған жүлдені қайда алғым келетінін сұрап, Ашхабадтағы әлем чемпионатын ұсынды. Бірақ ол 2018 жылы болатын. Содан бері жалғасып келеді. Мен қалған соманы төлеу үшін 2017 жылы Мәдениет және спорт министрлігіне жүгіндім. Бірақ маған ондай заң жоқ деді, мен алдымен төртінші болдым, кейін үшінші», — дейді Денис Ұланов.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия