jasqazaq.kz

Қазақстандық әскери қызметшілер Армия ойындарында екі конкурстың жеңімпазы атанды (видео)

04 қыркүйек 2021, 15:10

Армия халықаралық ойындары аяқталуға жақын. Қазақстандық әскери қызметшілер 11 конкурсқа қатысты. Оның 2-уі ел аумағында өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептоптары арасындағы «Сұңқар аңшылығы» конкурсында Қазақстан командасы бұлтарыссыз жеңіске жетті. Екінші орынды – Беларусь, үшінші орынды – Ресей еншіледі.

«Артиллериядан оқ ату шеберлері» – бұл минаатқыш бөлімшелердің жарысы. Қазақстан жауынгерлері табанды күресте негізгі қарсыласы – ресейлік әскери қызметшілерден басып озып бірінші орын алды. Үшінші орын Әзербайжанға бұйырды.

Бұдан өзге, ел Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бірқатар сайыстардан жүлделі орындар алды. Айта кетсек, «Десант взводы» конкурсында ресейлік десантшыларға ғана есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді.

Қазақстан сондай-ақ, «Тактикалық мерген», «Аттар марафоны», «Бейбітшілік жауынгері», «Тәртіп сақшысы», «Эльбрус шеңбері», «Теңіз кубогы» және «Армия мәдениеті» конкурстарында «қола» жүлде иегері атанды.

Армия халықаралық ойындарына қатысушы әскери қызметшілер Отаннан жырақта жүрсе де, Жамбыл облысында орын алған өрт кезінде бүкіл елмен бірге қайғырғанын бірнеше рет атап өтті. Армия ойындарындағы өздерінің жоғары жетістіктерін қаза тапқандардың рухына арнайды.

Армия халықаралық ойындарының жабылу рәсімі күні «Танк биатлоны» конкурсының ақтық сайысы өтеді. Онда Әзербайжанның, Қазақстанның, Қытай және Ресейдің танк экипаждары бағын сынайды.

https://youtu.be/UlKTMprBuRY

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде