jasqazaq.kz

Қазақстандық алаяқ Германияда ұсталды

22 желтоқсан 2021, 15:22

Ақмола облысында 2014 жылы жасалған қылмыстық істің беті ашылды. Қылмыскерді германиялық полиция қызметкерлері ұстады. Бұл туралы Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Щучинск қаласының 54 жастағы тұрғыны, жергілікті кәсіпкердің 42 млн теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын алдау жолымен иемденіп, оған жоғары технологиялық жабдық қоюға уәде берген. Тіпті тауарды жеткізу туралы шарттың жалған құжаттарын да ұсынған екен.

«Бурабай АПБ тергеу бөлімі аталған фактіні ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізді. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында жәбірленушіден алынған ақшалай қаражатқа алаяқ несие бойынша қарыздарын жауып, Қазақстан аумағынан кеткені анықталды. Алаяқтық жасаған күдіктінің тұрған жерін анықтау үшін қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланды. Кейін Германияда жалған құжаттармен өмір сүріп жүрген қылмыскерді Германия полициясының қызметкерлері анықтап, ұстады», — делінген хабарламада.

2021 жылғы қарашада Майндағы Франкфуртте ГФР құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасы ІІМ қызметкерлерінің қатысуымен қылмыскер экстрадицияланды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр