jasqazaq.kz

Қазақстандағы Жалпыұлттық аза тұту күніне орай

13 шiлде 2020, 11:01

 

13 шілде — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Қазақстандағы коронавирус пандемиясының құрбандарына арналған Жалпыұлттық аза тұту күні. Бұл тек қана қайтыс болғандарды еске алу ғана емес, сонымен бірге тірілер үшін жұбаныш болып табылады, сонымен қатар адам өміріне деген құрметтің көрінісі және сөзсіз, адамдардың эпидемияны жеңуіне деген ұмтылысы мен күшін нығайтады.

Соңғы бірнеше ай ішінде мен Қазақстан үкіметі мен халқы короновирустық індетке қарсы қандай ауыр күрес жүргізгенін және бұл үшін қаншама күш-жігер жұмсағандарына куә болдым. Мен қарапайым адам ретінде пандемия кезінде туыстары мен жақындарынан айырылған қазақстандық достарымның қайғысына ортақпын. Осының бәрі маған осы жылдың сәуір айында Цинмин мерекесі кезінде өткен Қытайдағы ұлттық аза тұту күні туралы тағы да еске салады. Мен Алматыдағы Қытайдың Бас консулдығының атынан және жеке өз атымнан індетке қарсы күресте қаза болғандар және ауру құрбандары бойынша қайғыға ортақтасып, олардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын.

Бүгінгі таңда бүкіл әлемде 12 млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, 550 мыңнан астам адам оның құрбанына айналды, әлемдік экономиканың дамуы үлкен қиындықтарға тап болды. Осының бәрі әлемнің барлық елдері үшін күрделі дағдарыс пен сын-қатерге айналды. Бұл бізге вирус ешқандай шекараны білмейтінін, ал пандемия адамзаттың жалпыға ортақ жауы болып табылатынын және әлемнің барлық елдерінің тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты екенін ескертеді. Ешкім де шетте қала алмайды, және тек біріккен күш-жігер мен бірлескен іс-қимылдар барлығы үшін жақсы жол болып табылады.

«Бірлік пен ынтымақтастық — бұл індетті жеңудің ең күшті қаруы», — деді ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз депрессия мен апатияға ұшырауға жол бермеуіміз керек. Бүгінде біз бірлігімізді бұрынғыдан да көбірек көрсетуіміз қажет» — деп атап өтті.

Коронавирус індеті басталғаннан бері біздің елдеріміз әрқашан бірге болды, бір-біріне қолдау көрсетті, бір-біріне көмектесті, шынайы ынтымақтастықта болды, қиындықтармен бөлісті, нақты іс-әрекеттермен Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік қарым-қатынасының шынайылығы мен жоғары деңгейін көрсетті, сонымен бірге Қытай мен Қазақстанның біртұтас тағдыры қауымдастығын бірлесіп құру жолында ұмытылмас және бағалы ортақ естеліктерді қалдырды.

Қараңғы бұлттар күнді тұта алмайды және бұл өмірде өтіп кетпейтін ешқандай апат жоқ! Ендеше сенімімізді одан сайын арттырып, бірге күш-жігер салып, қатарлас күресуді жалғастырайық, адамзат тарихындағы осы қиын-қыстау кезеңді бірге өткерейік.

ҚХР-ның Алматыдағы Бас консулы
Гэн Липин

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия