jasqazaq.kz

Қазақстандағы Израиль Елшілігі жұмысын қайта бастады

01 қараша 2019, 12:44

Қазақстандағы Израиль Елшілігі жұмысын қайта бастады.

«Құрметті достар, біздің Елшілік, сонымен қатар бүкіл әлемдегі өзге де израильдік миссиялар жұмыстарын штаттық режімде қайта бастайды. Израиль Сыртқы істер министрлігі мен Қаржы министрлігі қызметкерлері арасындағы келіссөздер жалғасатын болады», — делінген Қазақстандағы Израиль Елшілігінің Facebook-тегі парақшасында жарияланған ақпаратта. Бұған дейін Израиль шет елдердегі дипломатиялық миссияларын жауып жатқанын хабарлаған едік. «Қаржы министрлігі Бас директоры бекіткен және 2019 жылдың 21 шілдесінде қол қойған келісімдерді бұзу туралы шешіміне және ондаған жылдар бойы күшіне еніп келе жатқан хаттаманы өзгертетін шет елдердің өкілдеріне біржақты процедураларды енгізуге байланысты Сыртқы істер министрлігі шет елдердегі барлық дипломатиялық өкілдіктерді жабуға мәжбүр. Консулдық қызметтер көрсетілмейді. Бұдан бөлек, мекемеге кіруге ешкімнің құқығы жоқ», — деді Израиль СІМ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде