jasqazaq.kz

Қазақстандағы ең табысты ақылы жол қандай?

02 маусым 2021, 15:31

Идустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ақылы жолдардың қайсынан қанша табыс келіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздегі 4 ақылы жолдың жалпы ұзындығы – 680 шақырым. Нұр-Сұлтан – Шучинск, Нұр-Сұлтан – Темртау, Алматы – Қапшағай және Алматы – Қорғас жолдарынан түсетін жалпы табыс — 5,7 млрд теңге болды. Ең табысты жол – ең қысқасы болса да, Алматы-Қапшағай учаскесі. Бұл бөліктен 1,6 млрд теңгедей табыс келеді. Оның бір бөлігін «ҚазАвтоЖол» басқа ақылы учаскелерге бағыттады. Өйткені Теміртау мен Шучиснкке астанадан қатынайтын жолдар өте күрделі. Қыста жиы қар алады. Шучинск жолының табысы да 1,6 млрд теңге болады. Теміртау мен Қорғау учакесінің кірісі шамамен 1,1 млрд теңгеден», — деді ол халық алдындағы есептік кездесуінен кейін өткен брифингіде.

Бейбіт Атамқұлов ақылы жолдың табыстылығы қозғалыстың жиілігіне және өтетін көліктердің типіне байланысты екенін ескертті. Сондай-ақ, ол Қазақстанның ақылы жолдарында неге Еуропадағыдай сервис жоқ екенін түсіндірді.

«Біздегі ақылы жодар мен Еуропаны салыстырып жатады. Еуропадағы тығыздықты қараңыздар. Жолдардың кірісі өте жоғары. Өйткені көлік ағыны өте тығыз. Ал бізде 500 шақырымдық жолдың бойынша бірнеше шағын елді мекен ғана орналасқан. Сервис мәселесі де осыған байланысты. Бізде жолдарды күтіп ұстау өте қиын. Қыста қар алғанда техника ондаған шақырым жерден баратын кездер болады. Климатымыз да, тығыздығымыз да әр түрлі. Жолдарымыз өте ұзын, ал халықтың саны аз. Көлік саны бойынша да көптеген елдермен теңдесе алмаймыз. Бұл көрсеткіш жолдың табыстылығына өте қатты әсер етеді. Халқы мен көлік саны тығыз елдерде жолдың шығыны тез ақталады. Ондағы баға да мүлде басқаша», — деді министр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде