jasqazaq.kz

Қазақстанда жыл сайын сапалы зертханалық зерттеулерге сұраныс арта түсті

14 сәуiр 2019, 17:50

Науқасты дұрыс емдеу үшін диагностика мәселесі маңызды екені белгілі. Осыған байланысты зертханалық медицина денсаулық сақтау саласын модернизациялауда маңызды рөл атқарады. Біз өзгерістер, алдын алу медицинасы мен «Заттар интернеті» инфрақұрылымы заманында өмір сүріп жатырмыз және бұл зертханалық үрдістердің дамуына жаһандық деңгейде әсер етпей қоймайды. Қазіргі кезде зертханалық зерттеулердің, геномдық тестілеу негізінде жаңа диагностикалық тестілерді енгізу, клиникалық-диагностикалық және медициналық зертханалар қызметкерлерінің функционалын дамыту мен өзгерту көлемі артып келеді. Сол себепті заманауи клиникалық-диагностикалық зертханалық қызмет денсаулық сақтаудың бюджетіне сәйкес келетін және бұл ретте диагностиканың сапасы мен құндылығын жоғарылатуға бағытталған қарқынды жүйе болуы тиіс. Зертханалық талдауларға мұқтаждық — емдеу процесінің ажырамас бөлігі. Уақыт талабы – клиникалық-диагностикалық зертханалар қызметінің жаңа ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын енгізу. ҚР зертханалық қызметінің дамуындағы негізгі бағыттарды талдау медициналық зертханаларда орындалатын зерттеулер санының, ал түрлі зерттеулер арасында жалпы клиникалық және иммунологиялық зерттеулердің арта бастағанын көрсетті. Сарапшылар зертханалық диагностиканың заманауни сезімталдығы жоғары тәсілдері бірқатар ауруларда ақпараттық жағынан инструменталдық тәсілдерден артып түсетіні және диагноз қоюға қажетті стандартты зерттеулер тізіміне кіретінін атап отыр.
Сонымен бірге клиникалық-диагностикалық зертханалардың әлсіз жабдықталуы мен кадрлармен төмен деңгейде қамтылуы көптеген зертханалардың науқастар ағынын қабылдай алмауына әкелетінін мойындау қажет. Медициналық көмек көлемі стандарттарында анықталған зертханалық зерттеулердің жиілігі әркез зертхананың нақты мүмкіндіктерімен сәйкес келе бермейді. Отандық зертханалық медицина осы салады клиникалық тәжірибеге әлемдік жетістіктерді енгізу жағынан айтарлықтай кейін қалып отыр. Зертханалық медицина саласындағы сарапшылардың айтуынша, бүгінде Қазақстанда зертханалық қызметтің ұлттық үлгісінің, зертханалық қызметті реформалаудың стратегиялық жоспарының, медициналық көмек көрсету кезеңдерін есепке ала отырып зертхананы модернизациялау бойынша жоспардың, ҚР зертханалық қызметін стандарттау бағдарламасы, сапаны басқару жүйесінің болмауы тәрізді мәселелер бар.
Бактериологиялық қызметтің жұқпалы аурулардың таралуы; антибиотиктер мен антисептиктерді қолданудағы бақылаудың болмауы; микробиологиялық зертханалардың даму деңгейі төмен деңгейде қалуы; көптеген зертханалық медициналық ұйымдарда патогенді микрофлораның дәрілік заттарға сезімталдығын микробиологиялық бақылаудың жүргізілмеуі; экспресс-диагностикалау жүйесімен жабдықталмау; дамыған медицинасы бар елдерде микробиологиялық зерттеулердің үлесі өзге зертханалық қызмет көрсетулердің жартысын құраса, ал бізде микробиологиялық зерттеулер өзге зертханалық зерттеулер арасында мардымсыз үлеске ие болуы; стандартталған тәсілдердің, сыртқы сапа бақылауының болмауы тәрізді мәселелері бар.
Қазақстанды сапалы зертханалық диагностикамен қамтамасыз етуге қатысты мәселелердің себептері қандай? Олар – жоғары және орта медициналық білімі бар мамандардың жетіспеуі, зертханалық процестердің ақпараттандыру деңгейінің төмендігі, денсаулық сақтаудың ақпараттандыру жүйесімен ықпалдасу деңгейінің төмендігі, қолжетімді, білікті қызмет көрсетудің жетіспеуі.
Ұлттық деңгейдегі мәселелерді де атап өткен жөн. Осыған орай жаңа диагностикалық тестілеуді енгізуді, зертханалық-ақпараттық жүйені (ЗАЖ) енгізу мен құрылғыларды сатып алуға қаржыландырудың жеткіліксіздігін, клиникалық-диагностикалық зерттеулер бойынша эксперттік және ұлттық референс-зертханалардың жоқтығын есепке ала отырып, зертханалық қызмет көрсетулер тарифін қалыптастыру жүйесін қайта қарау қажет.
Қазақстанның біріктірілген, науқасқа бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуы жағдайында Қазақстанда заманауи зертханалық диагностиканың дамуы мәселелері Қазақстан медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының ҚМЗДҚ вице-президенті Бейсембаева Ш.А. еске алуға арналған зертханалық медицина бойынша VII Халықаралық конгресінде талқыланады. Шара Халықаралық клиникалық химия мен зертханалық медицина федерациясының (IFCC) қолдауымен өтеді. Конргестің күн тәртібінде зертханалық диагностика, ең көп таралған аурулар хаттамалары мен стандарттарын, клиникалық зертханалық зерттеулер сапасын басқару бойынша шаралар кешенін дайындау мен клиникалық тәжірибеге енгізу мәселелері; алдын алу медицинасы технологияларын дамыту мәселелері тұр.
Оған клиникалық-диагностикалық зертханалар, медициналық компаниялар жетекшілері мен қызметкерлері, клиникалық бейін дәрігерлері, бейінді жоғары оқу орындары мен ҒЗИ қызметкерлері, сонымен бірге Қазақстандық, алыс және жақын шет елдерден келген ғалымдар мен сарапшылар қатысады. Конференция күндері заманауи зертханалық жабдықтар, реактивтер, шығын материалдарының көрмесі өтіп, фирмалар таныстырылымы, жекелеген жұмыс кеңесулерді өткізу жоспарланып отыр.
Конгресс 2019 жылғы 19-20 сәуірде Алматы қаласындағы Атакент Саябақ қонақүйінде өтеді.
Конгресті ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі; «Ұлттық медициналық университет» АҚ; Қазақ медициналық зертхана диагностикасы қауымдастығы. Бірлескен ұйымдастырушы: ҚР Клиникалық цитологтар қауымдастығы.
Зертханалық медицина саласында алда өтетін Конгрестің негізгі мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың заманауи дербестендірілген медицинаның заманауи әлемдік бағыттарының дамуын есепке ала отырып, зертханалық медицинаның ұлттық үлгісін дамыту бойынша ұсынымдарын дайындау.
Конгресс бағдарламасында дәстүрге сай клиникалық зертханалық диагностиканың негізгі бағыттары бойынша ғылыми және практикалық жетістіктерді ұсыну қарастырылған. Зертханалық медицина мамандарын даярлау мен аккредиттеу, қаржылық және еңбек шығындарын оңтайландыру үшін зертханалық ағымдардың логистикасы, жаңа технологияларды зертханалық тәжірибеге енгізу, медициналық бұйымдарды және in vitro диагностиканы ЕАЭҚ халықаралық ынтымақтастық шеңберінде тіркеу жүйесі мәселелерін талқылау ұйымдастырылады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда