jasqazaq.kz

Қазақстанда жол битумы не себепті қымбаттады?

27 шiлде 2022, 17:45

Қазақстан Ресейден 300 мың тонна жол битумын сатып алуы мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«2022 жылы автожол жобаларын іске асыру үшін шамамен 1,1 млн тонна жол битумы қажет. Осы орайда республикалық желіге 600 мың тонна, жергілікті желіге 500 мың тонна керек. Отандық битум зауыттарының қазақстандық нарықтың қажеттілігін жол битумымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ. Қазіргі уақытта елімізде жылына 1 млн тоннадан аспайтын көлемде жол битумын өндіруші 4 зауыт («Caspi Bitum», «ПНХЗ», «Qazaq Bitum», «Асфальтобетон-1») жұмыс істейді», — делінген министрліктің ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында.

Жол битумдары негізінен жол-құрылысы саласында, аэродром алаңдарын салу, жөндеу үшін және басқа да құрылыс салаларында қолданылатынын атап өткен жөн.

«Қазіргі кезде министрлік ауқымды жол саласындағы жобаларды іске асырып жатыр. Сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламаларын іске асыруға қаражат бөліп, құрылыс жұмыстары ескерілген. Бұл тұрғыда құрылыс маусымында трейдерлер (алыпсатарлар) жасанды тапшылық жасап, битум бағасының 2 есе қымбаттауына әсер ететінін ескеру қажет. Бұл ретте, битум тапшылығына байланысты министрлік Ресейден 300 мың тонна көлемінде жол битумын жеткізу туралы мәселені пысықтап жатыр. Бүгінгі таңда бұл мәселені Қазақстанның Энергетика министрлігі Ресей Энергетика министрлігімен бірлесіп қарастырып отыр», — деп аталып өткен ведомство мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қазақстанда 200 мың тонна битум жетіспейтінін айтып, осы саладағы кемшіліктерді сынға алды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр