jasqazaq.kz

Қазақстанда жеті өңірде прокурорлар тағайындалды

27 шiлде 2022, 12:36

Қазақстанда бірқатар өңірге жаңа прокурорлар тағайындалды. Бұл туралы  Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

«Мемлекет басшысымен келісе отырып, бас прокурордың бұйрығы бойынша бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды», — делінген хабарламада.

Жаңадан тағайындалған прокурорлар:

Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев тағайындалды.

Абай облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Масғұтұлы Абаев басқарады.

Аға әділет кеңесшісі Мадияр Бекенұлы Басшыбаев Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды.

Серік Рысқалиұлы Шалабаев Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.

Ақтөбе облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов болды.

Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттуков тағайындалды.

Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.

Сондай-ақ, бас көлік прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тимур Қайырбекұлы Сүлейменов болды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр