jasqazaq.kz

Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетел азаматы елден шығарылды 

30 маусым 2022, 14:15

Шетелдіктердің Қазақстанда болу ережелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында 27 маусым мен 4 шілде аралығында ел бойынша «Нелегал-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

ҚР Ішкі істер министрлігі таратқан деректерге қарағанда, полиция шара шетелдіктердің көп тұратын жерлеріне, құрылыс нысандарына, базарларға, ұйымдардың және шетелдіктердің жалдамалы еңбегін заңсыз пайдаланатын жұмыс берушілерге тексеру жүргізеді, сондай-ақ автокөлік құралдарын тексереді.

Операцияның екі күнінде көші-қон заңнамасының 3 762 рет бұзылғаны анықталды. Сондай-ақ шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырдың 1 239 жағдайы анықталып, 207 жұмыс беруші шетелдіктердің еңбегін рұқсатсыз пайдаланған. Ал шетелдіктердің келуі туралы ішкі істер органдарын уақытылы хабардар етпеу және елде болу ережелерін бұзу фактілер 1 509. Соттардың шешімі бойынша елден 322 шетел азаматы шығарылды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр