jasqazaq.kz

Қазақстанда ұшақ билеті арзандады

15 қазан 2020, 11:35

Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстанда ұшақ билеті 9 пайызға арзандады. Бұл туралы Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде еліміздің әуе көмпаниялары 3,8 млн жолаушы тасымалдады. Бұл — өткен жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 40,4 пайыз аз. Қыркүйекте әуе тасымалы 608,5 мың жолаушы болды. Бұл осы жылдың тамызымен салыстырғанда 13,1 пайыз көп болғанымен өткен жылдың қыркүйегіне қарағанда 19,7 пайыз кем.

9 айдағы жолаушылар айналымы 5,9 млрд жолаушы шақырымды құрап, жыл ішінде 2,2 есе қысқарды. Қыркүйекте жолаушылар айналымы 941,8 млн жолаушы шақырым болды. Бұл көрсеткіш тамызға қарағанда 46,5 пайыз жоғары болғанымен өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 35,5 пайызға төмен.

Осы жылдың 9 айының қорытындысында әуе кемесімен жүк тасымалы 15,5 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 18,7 пайызға кеміді. Қыркүйекте 2,5 мың тонна жүк тасымалданды. Бұл тамыздағы көрсеткіштен 18,2 пайызға аз.

Сонымен қатар есепті кезеңде әуе компанияларының табысы 54,3 пайызға, 135,8 млрд теңгеге дейін қысқарды. Мұндай теріс динамика соңғы 4 жылда алғаш рет байқалады.

2020 жылдың қыркүйегінде жолаушылар әуе көлігі қызметтерінің құны өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 8,7 пайызға арзандады. Еліміздің 17 өңірі ішінде Батыс Қазақстан (36,1 пайыз), Атырау (13,1), Қарағанды (5,6) және Қостанай (4,5) облыстарында ғана баға өсімі тіркелді.

Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында баға тұрақты. Елордада баға төмендеуі 36,5, Шымкентте 36,3 және Маңғыстау облысында 24,7 пайызды құрады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия