jasqazaq.kz

Қазақстанда UFC турнирі өтеді

25 ақпан 2020, 17:32

24 ақпанда Алматы қаласында Arlan MMA Pro Team ұйымы баспасөз мәслихатын өткізді. Жақында ғана UFC ұйымымен келісімшарт жасасқан Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшарты туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz. Жалғастың айтуынша, 1 жылдың ішінде 4 жекпе-жек өткізеді. Бірінші айқасын ол Нұр-Сұлтан қаласында өткізуді жоспарлап отыр: «UFC ұйымы жақын арада 16 маусымда Нұр-Сұлтанда өтетін турнир жайлы ресми хабарлама жасайды». «Қазіргі кезде АҚШ-қа визаны күтіп отырмын. АҚШ-та әлемнің үздік файтерлерімен спарринг өткізгім келеді. Қазақстанда да дайындығымды тоқтатпаймын. Елімізде де жақсы спортшылар бар. Мен әрқашан өзімнің бауырым Сергей Морозовпен жаттығу жасап, жекпе-жектеріме дайындаламын. UFC-де қазақтардың қандай батыр екендігін көрсеткім келеді, бұйыртса, UFC чемпионы атанып, тарихта қалу ойымда бар», — деді Жұмағұлов. Естеріңізге салайық, Жалғас Жұмағұлов 20 ақпанда UFC ұйымымен ресми келісімшартқа қол қойды. Бұл ұжыммен Жалғас Жұмағұлов пен Шавкат Рахмонов келісімшарт жасасқан. Одан қалды Ресейдің қазағы Дамир Ысмағұлов та UFC-де өнер көрсетіп жүр. Жалғас Жұмағұлов: Қазақ ұлдарының қайсарлығын UFC-де дәлелдесем деймін

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия