Қазақстанда 2021 жылғы ақпанда тұрғын үй бағасы өсуін жалғастырды. Оған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Ұлттық статистика бюросының деректері дәлел.
«Бір айда (2021 жылғы қаңтар-ақпан) абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату бағасы 3,1%-ға, жаңасын сату — 1,2%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы 1,6%-ға қымбаттады», — делінген хабарламада.
Республика бойынша шаршы метрдің орташа бағасы 322 968 теңгені құрады. Ақпан айына қарай өсім 7,7% құрады.
Абаттандырылған тұрғын үйде орташа шаршы метр 252 358 теңге тұрады. Бағаның өсуі — 19,1%.
Тұрғын үйді жалға алу кезінде шаршы метр орташа есеппен 1 714 теңгеге бағаланып, 10,7% өсім байқалады.
Stan.kz