jasqazaq.kz

Қазақстанда тұмау қашан өршиді?

11 қыркүйек 2020, 18:29

Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов жыл сайын Қазақстанда 1 миллионға дейін жіті респираторлық-вирустық инфекция тіркелетінін айтты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Біздің климаттық белдеуде күз-қыс айларының келуіне байланысты өткір жұқпалы аурулардың өршитіні белгілі. Жыл сайын Қазақстанда 500 мыңнан 1 миллионға дейін жіті респираторлық-вирустық инфекция тікеледі. Осы аурулардың 64 пайызынан жоғарысын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, яғни әрбір ауырған үш адамның екеуі бала дегенді білдереді. Жіті респираторлық-вирустық инфекция мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымы негізі қазан айында басталып, мамыр айына дейін жалғасады. Биылғы эпидемиологиялық маусымға алаңдаушылық білдіруіміз коронавирусқа байланысты», — деді Ж. Бекенов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол Қазақстанда тұмаудың үш штамы (Н1N1, Н3N2 және В) таралғанын, бұл өткен қыста белгілі болғанын жеткізді. Олар зертханаларда тексеріліп, нақтыланды.

«Жыл сайын вакцина жасау алдында елімізде таралған вирустар штамдарын анықтаудың мәні зор. Өйткені оған қарсы егілетін вакцинаның сипаты маңызды. Осыған байланысты біздің зертханалар жұмысы арқасында биыл аталған үш түрін тіркедік», — деді Ж. Бекенов.

«Коронавирус жағдайына байланысты біз тұмауға қарсы вакцинаға аса мән беріп отырмыз. Сондықтан екпені уақытында алудың маңызы зор. Себебі бұл ауруларға қарсы антидене пайда болуына кемінде екі-үш апта уақыт керек», — деді департамент директоры.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық