jasqazaq.kz

Қазақстанда цифрлық әскери билет пайда болады

17 қараша 2022, 17:06

Қазақстанда цифрлық әскери билетті енгізу 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ростислав Коняшкин атап өткендей, қазір «ҰАТ» АҚ Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, тіркеу куәлігі мен әскери билетті цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын жүргізуде.

Ростислав Коняшкин:

«Осы құжаттарды (әскери билет пен тіркеу куәлігін – ред.) цифрландыруға келсек, біз қазірдің өзінде бұл жұмыстарды атқарып жатырмыз. Менің ойымша (электрондық әскери билет – ред.) келесі жылдың басында, бірінші жартыжылдықта жүзеге асады деп ойлаймын.»

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігінде әскери есепке алу құжаттарын цифрлық жүйеге көшіру бойынша «кең ауқымды жоспарлар» бар.

9 қарашада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин төлқұжат eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болғанын хабарлады. Әзірге цифрлық төлқұжат Қазақстанда жеке куәлік сияқты жеке басын сәйкестендіру үшін ғана қолданылады.

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта