jasqazaq.kz

Қазақстанда тағы 5 мұнай бассейні зерттеледі

19 желтоқсан 2019, 17:21

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов елімізде Геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Геологиялық барлау секторының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты атап өткен жөн. Жер қойнауын пайдалану саласын реттеуді жеңілдету үшін түзетулер топтамасы әзірленді. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша электрондық аукцион тетігі әзірленді. Теңіздегі геологиялық барлауға басымдық берудің арқасында 2018 жылдан бастап бірқатар жоба іске асырылды. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» және әріптес ENI – Исатай, Абай кеніштерін, «ҚазМұнайГаз» бен «Лукойл» компаниясы Жеңіс блогын дамыта бастады», — деді Әсет Мағауов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Вице-министрдің айтуынша, теңіз жобаларымен бірге Қазақстанның аз зерттелген аумақтарында геологиялық барлауды жандандыру жоспарланып отыр. «Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, 2021-2025 жылдарға арналған Геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасы әзірлену үстінде. Бағдарлама сәтін салса 2020 жылы қабылданады. Арал, Сырдария, Ертіс бойы, Шу-Сарысу, Солтүстік Торғай сияқты 5 келешегі мол бассейнді зерделеу үшін мемлекеттік инвестиция салу көзделеді. Зерттеу дәрежесін арттыру бұдан әрі жер қойнауын пайдалануға жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді», — деді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда