jasqazaq.kz

Қазақстанда шылым шегетін әйелдерге қатысты статистика жарияланды

09 қыркүйек 2021, 11:48

Шылым шегу көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдегі 127 елдің ішінде 41-орында тұр екен. Елде әрбір 10 әйелдің бірі және әрбір 10 ер адамның төртеуі шылым шегеді, деп хабарлайды energyprom.kz.

Қазақстанда шылым шегетін ер адамдардың қатары көп екен. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 31-орында тұр. Ал, шылымқор әйелдердің көрсеткіші бойынша 61-орында. Бұл дегеніміз Қазақстандағы әйелдердің 9,3%-ы шылым шегеді дегенді білдіреді.

2021 жылы қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда 8,7 млрд сигар, сигарет, папирос және темекі алмастырғыш өзге де бұйымдар шығарылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,3% аз. Ақшалай мәнде елімізде темекі өнімдерінің өндірісі 125,3 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ 2021 жылдың тамызында елдегі темекі бағасының жылдық динамикасы 15,9%-ға өсті.

Айта кетейік, ДДСҰ мәліметі бойынша, жылына шылым шегу салдарынан әлемде 8 миллионнан астам адам көз жұмады екен. Бұл тізімде өзі шылым шекпесе де, жанындағы адамның темекісі түтіненен уланғандар да бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде