jasqazaq.kz

Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттады

11 сәуiр 2022, 15:30

Наурыз айының қорытындысы бойынша теміржол тасымалы қызметінің бағасы бір жылда 1,6%-ға өскен, деп хабарлады ranking.kz.

Бір жылдың ішінде елордада пойыз билеттері 9,8%-ға қымбаттаған. Ал Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында билет бағасы былтырғы жылдікін сақтап тұр. Керісінше, Шымкент пен Қызылорда облыстарында баға 1,5% және 2% төмендеген.

Сонымен қатар теміржол тасымалы саласындағы компаниялардың кірісі 20,8%-ға өскен. Бұл дегеніміз – 196,2 млрд теңге. Оның 185,2 млрд теңгесі жүк пен багаж тасымалынан, ал 11 млрд теңгесі жолаушылар тасымалынан түскен.

Жыл басынан ақпанға дейінгі аралықта теміржол арқылы 2,5 млн адам тасымалданған. Былтырғы жылмен салыстырғанда, 28,8%-ға артық көрсеткіш.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде