
Коронавирус кесірінен жұрттың күнкөрісі қиындап жатқанда біреулер байыған үстіне байып жатыр. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова еліміздегі миллионерлер қатарына үш адамның қосылғанын хабарлады.
365info.kz сайты жазғандай, депутатты жұрттың барған сайын нашарлап жатқан күнкөрісі алаңдатады. Өйткені, пандемия кезінде жабылған немесе қызметі шектеуге ұшыраған шағын және орта бизнестегілер жалақы алмайды. Алған күннің өзінде ол тым мардымсыз. Ал баға шарықтап барады.
Есесіне, олигархтар байыған үстіне байып жатыр.

И. Смирнованың айтуынша, Қазақстанда пандемия кезінде 3 доллар миллионері пайда болды. Ол осы орайда тұрмысы төмен отбасылардағы балалардың онлайн-сабақ оқуы үшін сатып алынған планшет пен ноутбук төңірегіндегі дау-дамайды да еске сала кетті. Айта кету керек, депутат су жаңа миллионерлердің атып атап, түсін түстеген жоқ.
Депутат мемлекет тұрғындарға ортадағы квазисектор мен банк сияқты делдал қызметін атқаратын құрылымдар арқылы емес, тікелей көмектесуі тиіс деп есептейді.
Jas Qazaq -Aqparat