jasqazaq.kz

Қазақстанда несиелік айыппұлдар кешірілді

08 тамыз 2019, 14:48

Қазақстандықтардың 30 млрд теңгеден асатын несиелік айыппұлдары пен өсімақылары кешірілді.

«Айыппұлдар мен өсімақылар 30 млрд теңгеден асады. Ұлттық банк олардың 30% жабады, қалғаны — екінші деңгейлі банктер есебінен кешіріледі. Қазіргі уақытта барлық айыппұлдар мен өсімақылар кешірілді», — деді ҚР Ұлттық банкі Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаментінің директоры Дәурен Сәлімбаев астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында. Ұлттық банк өкілі келешекте 90 күннен асып кеткен кепілсіз қарыздарға айыппұл, өсімақы салуға заң жүзінде тыйым салынатынын еске салды. «Қазір банк қауымдастығымен қарыз жүктемесінің коэффициентін есептеу тәсілдерін өзгерту мәселелерін талқылаудамыз. Қарыз жүктемесін шектейтін тұрақты механизм бар. Ол ай сайынғы несие төлеміне табыстың 50% ғана жұмсауға рұқсат береді», — деп атап өтті спикер. Оның айтуынша, төлем табыстың 50% асып кетсе, тұрғынға неисе берілмейді. «Қазір бұл мәселені шешіп жатырмыз. Қарыз жүктемесін есептеуде ең төменгі күнкөріс деңгейі және әрбір отбасы мүшесінің күнкөрісіне қажетті сома анықталады», — деді Д. Сәлімбаев.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда