jasqazaq.kz

Қазақстанда небәрі 2 айда 140 адам суға батып қайтыс болған

02 тамыз 2022, 13:07

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі мен экология министріне судағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды. Бұл жұмыстар өңірлерде әкімдіктермен бірге жүзеге асуы керек деді үкімет басшысы. Өйткені, биыл елімізде ағын судың құрбандары көп.

«Жауапты органдар бейбіт күнде азаматтарымыздың суға кетіп қайтыс болғанына қарап отырмауы тиіс. Қазір шомылу маусымы. Тек 1 маусымнан бастап елімізде 140 адам суға тұншығып қайтыс болған. Олардың 49-ы кішкентай балалар. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 42%-ға төмен. Бірақ, осының өзінде өлім-жітім жоғары деңгейде деп саналады», — деді Ә.смайылов.

Үкімет басшысы ата-аналарды балаға сақ болуға шақырды. Ал, жергілікті билік судағы қауіпсіздіктің сақталуына жауап береді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде