jasqazaq.kz

Қазақстанда мобильді аударымдар қалай тексеріледі?

21 ақпан 2022, 16:42

Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар қандай жағдайда кәсіптен түскен кіріс ретінде бағаланатыны сипатталған жоба дайындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құжат 2 наурызға дейін «Ашық НҚА» сайтына жария талқылауға шығарылды.

Банктік шоттарына мобильді аударымдар арқылы табыс түсетін кәсіпкерлерді мына критерий бойынша анықтау жоспарланып отыр:

«Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 (үш) ай ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан ағымдағы банктік шотқа ақша қаражатын алуы болып табылады», — делінген құжатта.

Яғни жеке тұлғаға үш айда 100 адамнан ақша аударылса, онда мұндай қызмет кәсіпкерліктен табыс алу белгілеріне жатқызылады.

Қаржы министрлігі банктердің осындай операциялар туралы мәліметтерді ұсыну мерзімдерін де бекітуді жоспарлап отыр. Банктер мен ұйымдар сұратуды алған күннен бастап белгілі бір мерзім ішінде мәліметтерді Мемлекеттік кірістер комитетіне Microsoft Excel форматында электрон пошта арқылы жібереді.

Бұған дейін Қазақстанда «мобильді төлемдер» ұғымы енгізілген болатын, кәсіпкерлерге кәсіптен түсетін ақша мен жеке түсімдерді бөлу міндеті жүктелді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға желтоқсанда қол қойды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр