jasqazaq.kz

Қазақстанда кредит берудің бірыңғай ең жоғары сомасы бекітіледі (Видео)

20 қазан 2021, 17:16

Қазақстанда баспана сатып алуға берілетін кредиттің бірыңғай ең жоғары сомасы бекітіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай өзгеріс таяуда Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоспарында көзделген. Аталған жобаның бір бағыты «Жайлы тұрғын үй» міндетін шешуге бағытталған. Жобаның жүзеге асырылуына жауапты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауына сәйкес, жүзеге асырылатын жеңілдікті ипотекалық бағдарламалардың бірыңғай шарты қарастырылатындығын атап өтеді.

«Бұл үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес тұжырымдама қабылданғаннан кейін бекітілетін ережені әзірлеу жоспарланып отыр. Кредит берудің бірыңғай ең жоғары сомасы 15-18 млн теңге шегінде, алдын ала тұрғын үй заемінің ең төменгі жарнасы 10 пайыз мөлшерінде айқындалатын болады. Жеңілдік бағдарламасына қатысушылар тізімі кеңейтіліп, ең төменгі күнкөрістің шекті мөлшері ұлғайтылады», — деп атап өтеді ведомстводан.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр