jasqazaq.kz

Қазақстанда көшеде жүрген ковид науқастарға айыппұл салына бастайды

07 маусым 2021, 10:26

Өзін-өзі оқшаулау режимін қасақана бұзған қазақстандықтар жазаланатын болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Денсаулық сақтау министрлігінің КВИ науқастар мен олармен байланыста болғандарға оқшаулау режимін сақтауды да міндеттеуді қарастыратын бірқатар санитарлық ережелерді бекіткенін хабарлады.

Осы талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Бұл ереже 2021 жылы 10 маусымда күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq қосымшасының көмегімен анықталады, — деп хабарлады СЭБК.
Ashyq қосымшасының көмегімен қоғамдық орындарда болғандардың барлығы тексеріледі, сол кезде «қызыл» мәртебеге ие адамдар да анықталып жатады.

Карантиндегі науқас адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы, Әкімшілік кодекстің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болады және оған қатысты әкімшілік шаралар қабылданады.

Егер адам өзінің коронавируспен ауыратынын біле тұра, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзса және басқаларға жұқтыру қаупін әдейі тудырса, оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалады. Ashyq платформасындағы деректер Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірыңғай ақпараттық жүйесінен алынатынын атап өткен жөн, — дейді комитеттегілер.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде