jasqazaq.kz

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар статистикасы жарияланды

27 шiлде 2022, 16:18

Денсаулық сақтау министрлігі айлар бойынша Қазақстандағы коронавирусқа қатысты өлім-жітім статистикасын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Денсаулық сақтау министрлігі неге COVID-19-дан қайтыс болғандар туралы күнделікті статистика беруді тоқтатқаны туралы сұрады.

«Ол статистика бар. Кейінгі алты айда елде коронавирустан 785 адам қайтыс болды. Көбі қаңтар-ақпанда, жүктеме көп болған кезде қайтыс болды. Қаңтарда — 311 адам, ақпанда — 411, наурызда — 54 адам, сәуірде — 3, мамырда — 3, маусымда — 1, шілдеде — 2 адам қайтыс болды», — деді денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.

Вице-министр және бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова елде жеңіл түрде өтетін омикрон штамы басым екенін атап өтті.

«Маусымнан бастап коронавирустан өлім жағдайлары аз тіркелді, сондықтан күнделікті, жоқ статистиканы берудің қажеті болмады», — деп қосты ол.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр