jasqazaq.kz

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8 адамға жетті

15 наурыз 2020, 14:07

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы екі жағдайы тіркелді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Қазіргі таңда Қазақстанда 8 науқас бар. Бәрі оқшаулауда», — деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде.

Бүгінгі таңда қосымша тағы екі адам тіркелді. Бірінші науқас — 1959 жылы туған әйел адам. Біздің инфекциялық стационарда оқшаулауда жатқан пациент. Бұрын күйеуінде диагноз анықталып, жақын байланыстағы адам ретінде оқшаулауда жатқан. Қосымша диагностиканың нәтижесінде коронавирус инфекциясы анықталды. Оның отбасындағы жақындарының бәрі оқшаулауда», — деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде.

Министр екінші адам ер кісі екенін, кеше «Сеул-Алматы» ұшағымен келгенін атап өтті. «Ұшақтан келген 130 жолаушының ішінде трансфермен кеткені бар. Бәрі де 100 пайыз инфекциялық ауруханаға және стационарға жатқызылды. Сонымен қалаға ешкім кірген жоқ. Ішінде бір пациентті анықтадық», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде