jasqazaq.kz

Қазақстанда құрастырылған көліктер бағасы неге қымбаттап барады?

02 маусым 2021, 15:41

Қазақстанда құрастырылған көліктердің бағасы неге қымбаттап барады? Бұл сауалған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде көлік құрастырудың оқшаулануы 35-43 пайызды құрайды. Яғни, қазақстандық автокомпоненттердің қолданылу көрсеткіші төмен болғандықтан бағаны тұрақты ұстай алмай отырмыз. Автобөлшектерді шетелден импорттаймыз. Сол себепті көлік бағасы төмендемей тұр. Бірақ, көлік құралдарын құрастыру келісіміне сәйкес, оқшаулануды 50 пайызға жеткізгеннен кейін бағаға қатысты іс-шаралар қолдана алатын боламыз. Сонда баға қалыпқа келеді деп ойлаймыз», — деді Аманияз Ержанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Сонымен қатар вице-министр көлік құрастырудың оқшаулануы 50 пайызға жеткен кезде отандық автомобильдер бағасының қанша пайызға төмендейтіндігі нарыққа байланысты екендігін баса айтты. «Оқшаулану 50 пайызға жеткенде көлік бағасы мынша пайызға арзандайды деп айта алмаймын. Бірақ, нарық сұранысына, шығарылған әр көлік моделінің қосылған құнына байланысты баға төмендеуі мүмкін деп есептейміз», — деді ол.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия