jasqazaq.kz

Қазақстанда қант қымбаттап жатыр

04 мамыр 2022, 14:48

Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанда қант бір айда 33%-ға, ал бір жылда 50%-ға қымбаттады. Бұл соңғы баға емес, қант қымбаттауы әлі өсуі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наурызда Energyprom.kz сайтының хабарлауынша, елде қанттың келісі орташа есеппен 396 теңгеден тұрды. Бір айда өнім бірден 33,2%, жыл басынан бері 36,1%, бір жылда 50,2% қымбаттады.

Қазақстанның ірі қалалары арасында қанттың ең жоғары бағасы елордада (келісі 449 теңге), Алматыда (444 теңге) және Қостанайда (430 теңге) тіркелді. Ең арзан қант Таразда болды, онда қант 348 теңге тұрады.

Қант бағасының ең көп жылдық өсуі Алматыда (плюс 70,1%), сонымен қатар Қостанай (плюс 64,7%) және Жамбыл (плюс 60,5%) облыстарында тіркелді, деп хабарлады сарапшылар.

Айта кетейік, сәуір айында қант бағасының өсуі жалғасты. Мысалы, ай басынан 26 сәуірге дейін баға тағы 5,4% өсті.

Сонымен қатар зерттеуде 2022 жылдың бірінші тоқсанында елде 51,2 мың тонна қант өндірілгені айтылды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр