jasqazaq.kz

Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істеп жатыр?

13 желтоқсан 2022, 16:43

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істейтінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Жыл басынан бері 3 миллионға жуық ресейлік келді, шамамен осыншама адам елден шықты. Ішінара жұмылдыру жарияланған кейін елімізге 837 мың адам келіп, 780 мыңы шықты.

Бүгінде елімізде 298 мың ресейлік болса, оның 30 мыңы келісімшартқа сәйкес жұмыс істейді, еңбек биржасында HR-да тіркелген. Тиісінше, олардың уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ильяс Испанов.

Оның айтуынша, Қазақстанда Ресейден келген 20 мың студент бар.

«Сонымен қатар, бізге келіп, транзитпен ұшып кететіндер де бар. 21 қыркүйектен бастап 198 мың ресейліктер елімізді транзит ел ретінде пайдаланып, өздері жоспарлаған елге кетіп қалды», — деді Испанов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде