Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанды жүрген босқындар саны қанша екенін айтты.
«Бізде 2011 жылы босқындар туралы заң қабылданды. Бүгінде босқындар мәселесімен Ішкі істер министрлігі айналысады. Жалпы мен сіздерге статистиканы айта аламын. Елімізде 523 босқын бар, оның 509-ы Ауғанстаннан келген. 2-6 адамнан әр түрлі елдерден келгендер де бар», — дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елордада «Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстелден кейін. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Оның айтуынша, болашақта босқындардың биометриялық мәліметтері бар электронды құжаттар пайда болуы мүмкін, соның арқасында олар басқа елдерде емін-еркін жүре алады. «Халықаралық конвенцияларға сәйкес комиссияосы мәселені қарастырып, келушілерге босқын куәлігін береді. Қазақстанда жолаушы құжаты беріледі, соның арқасында олар елдер арасынан өте алады», — деді министр.