jasqazaq.kz

Қазақстанда қанша адам карантинде жатыр?

06 наурыз 2020, 17:25

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирусқа байланысты елімізде қанша адам карантинде жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше Алматыға Сеулден 100 адам келді. Жалпы, 197 адам ұшып келген болатын. Оның 97-сі транзиттік жолаушылар. 100 адам Алматыдағы көпсалалы ауруханаға карантинге жатқылды. Қазіргі уақытта сараптамалар алынды. Ал бүгін елордаға тағы 93 азаматымыз келді. Олар да карантинге жатқызылады. Бұлардан бөлек Уханьнан келген 80 студент бар. Жалпы, карантинге жатып шыққандарды қоса есептегенде барлығы 600-ге жуық адам каратинде болды. Каратинге жатқызылғандардың ешқайсысының денсаулығы сыр берген жоқ. Дене қызулары қалыпты. Әзірше күдіктілер байқалған жоқ», — деді Диас Ахметшәріп. Сондай-ақ ол бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Сеулден келіп қонған ұшақтағы Ресей және Грузия азаматтары жайында да айтып берді. Қазіргі уақытта олар әуежайда. Өздерінің ұшақтарын күтіп отыр, елдеріне кетеді«, — деді ресми өкіл.

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)