jasqazaq.kz

Қазақстанда картоп қымбаттады

09 маусым 2021, 11:51

Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп бағасы күрт өсті. Мысалы СҚО-да картоптың келісі 500 теңгеден сатылып жатыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жсап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, Солтүстік Қазақстанда картоптың бағасы күн сайын өсіп жатыр. Өңірде оны көптеп өсіретін және картоп қолжетімді болған. Бүгінде баға тұрақтандыру қорының сату нүктелерінде ғана қолжетімді болып қалды. Мұнда картоптың бағасы 100 теңгеден, бірақ ол жерде дүкен ашылғанға дейін ұзын сонар кезек пайда болады екен. Әр адамға тек үш келіден сатылады.

Кәсіпкерлік басқармасы бұл проблема туралы хабардар, алайда олар қолжетімді баға қойып, жағдайды бақылауға алуға қауқарсыз. Себебі бағаның өсуі маусым сайын байқалады және қолжетімді бағада сататын елдермен шекара ашылғанша жаңа егін дайын болады. Осылайша картоптың бағасы да түседі.

Шенеуніктер жергілікті билік неліктен бірден әрекет етпегеніне жауап бере алмады.

Ақтөбеліктер де көкөністердің қымбаттауына наразы. Өңірде картоптың келісі 300 теңгеден болса, қызылша мен сәбіздің бағасы одан қымбат — келісі 400 теңгеден. Мұндай жағдай қаланың барлық жерінде байқалған. Мысалы коммуналдық нарықта картоптың бағасы 300-350 теңге аралығында.

Жергілікті билік жағдай жақын арада тұрақтанатынын айтып сендірген. Алдағы күндері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның екі жүк көлігін жібереді. Барлық шығынды әкімдік мойнына алады. Шенеуніктер осылайша Ақтөбеде көкөністің бағасы қолжетімді болады деп үміттеніп отыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия