jasqazaq.kz

Қазақстанда ірі қара мен ұсақ малды 6 айға дейін экспорттауға тыйым салынған

12 қантар 2022, 12:23

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкіметте жасаған баяндамасында азық-түлік бағасын ауыздықтау үшін жедел шаралар қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Ербол Қарашөкеев ел халқын азықпен қамтамасыз ету мақсатында 2022 және 2025 жылдарға арналған жол картасы әзірленіп, жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.

ҚР АШМ Ербол Қарашөкеев:

Жол картасы шеңберінде азық-түлікпен қамтамасыз ету және ауа райы факторларының ауыл шаруашылығы өндірісіне теріс әсерін болдырмау мәселесін шешу мақсатында егіншілікті нақты әртараптандыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында агроөнеркәсіп кешенді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасы шеңберінде, импортты алмастыру жөніндегі шаралар кешені жүзеге аса бастағанын айтты.

Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі мынадай жедел шаралар қабылданғанын мәлімдеді:

2022 жылдың 1 шілдесіне дейін 125 мың тонна күнбағыс тұқымдары мен 110 мың тонна күнбағыс майы экспортына сандық шектеулер егізілді

Картоп пен сәбізді экспорттауға 3 ай мерзімге тыйым салынды

Ірі қара мал мен ұсақ малды экспорттауға 6 айға тыйым салынды

Нан бағасын тұрақтандыру үшін қаңтардан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ әлеуметтік нан өндіру үшін өңірлерге өткізетін астық құны субсидияланады

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр