jasqazaq.kz

Қазақстанда «Google салығы» енгізіледі

21 сәуiр 2021, 15:25

Салық кодексіне былтыр толықтыру мен өзгерістер енгізілген еді. Соның ішінде енді қазақстандықтар үшін қызмет ұсынатын шетелдік компанияларға салық салу ережесі бекітілді, деп хабарлайды Stan.kz.

Ұлттық экономика министрлігі сарапшыларының пікірінше, шетелдік компаниялар қосымша құн салығын 12 пайызбен төлейді. Цифрлық даму министрлігіндегі мамандар «Google салығы» деп аталып кеткен төлемнен Ресей бюджетіне 3 жыл бұрын 70 млрд теңге, Беларусь еліне 3,5 млрд теңге түскенін жеткізді. Ал біздің бюджетке алдын ала есептеу бойынша 2 млрд теңге салық түсуі мүмкін.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі департаментінің директоры Дархан Ахмедиев қазақстандықтардан пайда ала тұра, елге салық төленбей қалып кетіп жатқанын атап өтті.

«Телефонымыздағы қосымшаларға ай сайын белгілі бір сомада ақша төлеп отырамыз. Бірақ оны төлегенде Қазақстан азаматтарынан пайда алып жатып, олар Қазақстанға салық төлемейді «, — дейді ол.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы Жазира Мыңбаева шетелдік компаниялар енді елімізде тіркелетінін айтады.

«Шетелдік компаниялар Қазақстанда тіркелуге міндеттеледі. Қазақстан аудиториясындағы таза табыстың бәріне салық салынады», — дейді Жазира Мыңбаева.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия